Back to top

Қандай жағдайда дәрігерлерді үйге шақыруға болады?

 

Осымен жаңа 2020 жыл да табалдырықтан аттады. Қазақстанның кейбір аймақтарында аяз және жауын-шашын да басталды.
Бірден сұрақ туындайды: үйге дәрігерді қашан және қалай шақыруға болады? Мұны біздің медицинамыздың МӘМС жүйесіне көшуіне байланысты білу өте маңызды.
Бұл тізімді жадыңыздан шығармаңыз немесе сақтап қойыңыз.

Учаскелік мейірбике немесе фельдшерді мына төмендегі жағдайларда шақыра аласыз: - қоңырау түскен кезде дене температурасы 38°C болғанда;
- қан қысымының жоғарылауымен;
- үйде көмек пен кеңес алуды қажет ететін жағдайлар, аурулар, жарақаттар болғанда.

Ал, мына жағдайларда учаскелік дәрігерді шақыра аласыз:
- жұқпалы аурулардың белгілерімен;
- вакцинациядан кейін нашарлаған жағдайда;
- үйде медициналық тексеруді қажет ететін жағдайларда.