Back to top

1- жұлдызында Халықаралық қарттар күнін

Елімізде  жыл сайын қазан айының 1- жұлдызында Халықаралық қарттар күнін атап өтіледі. Қарттарға қамқорлық мемлекетіміздің саясатының маңызды бағыттарының бірі. Зейнеткерлеріміз бен еңбек ардагерлеріне олардың мемлекет дамуына қосқан жан – жақты үлесі және кәсіби жетістіктері үшін құрмет көрсету басты парыздарымыздың бірі болып саналады.

       «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» демекші, бүгін Алматы қаласының Денсаулық Сақтау Басқармасының                  ШЖҚ МКК  «№26 Қалалық емхана» ұжымы қарттар күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Ақ халатты абзал жандар Наурызбай ауданының ардагерлерін келе жатқан мерекесімен шын жүректен құттықтап, арнайы  мерекелік концерт ұсынды. Қонақтар жас әншілер мен бишілердің өнеріне тәнті болды. Ақ тілектер мен жылы лебіздер   ақ дастархан үстінде жалғасын тапты. Мерекелік шараға 80 арнайы шақырылған  қонақ қатысты.

       Емхананың бас дәрігері Тұрысбекова Айгүл Турарқызы ұжымның атынан үлкендерге емхана жұмысы мен жаңалықтары туралы ақпарат беріп; зор денсаулық, әл ауқатты  бақытты  ұзақ өмір тілеп,  әрбір күндеріңіз қуанышқа, жылылық пен қамқорлыққа, қоғам назары мен  жақындарыңыздың сүйіспеншілігіне толы болсын деген игі тілегін жеткізді.