№26 қалалық емханада эндоскопия бөлімшесінің модульдік ғимараты жұмыс істейді.
Бөлімшенің практикалық жұмысында гастрит, асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы, асқазан-ішектен қан кету, трахея және бронх аурулары кезінде диагностикалық және хирургиялық эндоскопиялық араласулар орындалады.
Бүгінгі таңда бөлімде диагностика мен емдеудің барлық заманауи әдістері қолданылады:
- Эзофагогастродуоденоскопия (EGDS);
- Бейнеколоноскопия
- Видеоректосигмоскопия
- Бейне ректоскопия
- Биопсия алу;
- Helicobacter pylori-де ПТР;
Диагностикалық зерттеулерден басқа эндоскопиялық бөлімде эндоскопиялық оталар жасалады.
* Эндоскопиялық полипэктомия ;
* Асқазан-ішек жолдарының бөгде денелерін жою;
Эндоскопиялық зерттеулер жергілікті және жалпы анестезиямен жүргізіледі.
Бөлімше қысқа мерзімде диагноз қоюға және қажет болған жағдайда емдік шараларды жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Зерттеулерді жапондық Olympus құрылғылары жүргізеді.
Біздің мекен - жайымыз: Наурызбай ауданы, Таусамалы шағынауданы, Грозы көшесі 102.
Эндоскопиялық қызмет күн сайын таңғы 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейді.
Біз барлығын эндоскопиялық бөлімшеде тексеруден өтуге шақырамыз!