Back to top

Конференция

12.09.2018 жылы ШЖҚ МКК «26-Қалалық Емханада» «Алматы қаласы күніне» арналған конференция өтті. Конференция барысында емхананың бүгінгі күнгі жетістіктері мен көрсеткіштері талқыланды. Рухании жаңғыру бағдарламасы аясында еліміздің өткен тарихы  мен кемел болашағын баздарлап, құндылықтарымызды қастерлеу мен дәстүрімізді дәріптеуге арналған осынау кеш көпшіліктің есінде ұзақ сақталатыны анық.  

Конференция барысында еңбекте елеулі жандарды атап өтіп, қошеметке бөледі. Атап айтқанда, биыл зейнетке шығатын  медбике Мамытбекова Амина Хасановнаға «Медицинаға  сіңірген еңбегі үшін» медалі табысталды. Ақ халатты абзал жандардың маңдай тері жоғары бағаланып жатқаны қуантарлық шара, әрі    басқа мейірбикелерге алға ұмтылуға үлкен стимул.

Арайлы Алматымыздың көркем аймақтарының бірі Наурызбай  ауданы халқының денсаулығын жақсартып, өмір жасын ұзарту үшін салынып жатқан жаңа емхана ғимараты әсем  қаламыздың сәні болмақ.