30.09.2023 жылы №26 қалалық емханада Халықаралық қарттар күніне орай «ҚАРТТАРЫМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ» Ашық есік күні өтті. Шара қоғамның назарын аурудың алдын алу және ерте анықтау маңыздылығына аудару мақсатында ұйымдастырылды. Акция аясында терапевт, окулист, эндокринолог, геронтолог, хирург, невропатолог,сондай-ақ ФГ,УЗИ, ЭКГ, және рентген, қан қысымын, қандағы қант пен холестерин деңгейін өлшейтін скринингтік тексеру, көз түбін зерттеу жүргізілді. Олар денсаулық туралы пайдалы ақпарат алып, мамандарға өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Емхана мұндай іс-шара халықтың салауатты өмір салтын ұстану және жүйелі түрде медициналық тексеруден өту маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға көмектеседі деп сенеді.