Амбулаториялық хирургия орталығы (АХО)– бұл хирургиялық қыметтерді жүзеге асыратын заманауи бөлім.
Амбулаториялық хирургия орталығы құрамындағы дәрігерлер: хирург, отоларинголог, онколог, офтальмолог, травматолог, маммолог, уролог, гинеколог.
Орталықты құрудың негізгі мақсаты-пациенттерге медициналық көмек алудың кеңейтілген мүмкіндіктері, жедел емдеуді тез, сапалы және ыңғайлы жағдайда қамтамасыз ету.
Емдеу және қалпына келтіру уақытының қысқаруы жоғары технологиялық жабдықтар мен заманауи аз инвазивті әдістерді қолдану арқылы жүреді.
Біздің орталықта пациенттер МӘМС бағдарламасы бойынша (тұрғылықты жері бойынша емханадан жолдама бойынша) немесе ақылы негізде білікті медициналық көмек ала алады.
Амбулаториялық жағдайда хирургиялық көмек көрсету мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін Сізге біздің АХО бөлімнен кеңес алу қажет.