Back to top

«Алматы – ортақ үйіміз» науқаны аясында №26 қалалық емхананың қызметкерлері, емхана аумағына кешенді тазалау бойынша сенбілік өткізді.

 

«Алматы – ортақ үйіміз» науқаны аясында №26 қалалық емхананың қызметкерлері, емхана аумағына кешенді тазалау бойынша сенбілік өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, қалада «Алматы – ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Мақсаты – қала инфрақұрылымына қамқорлық жасау құндылықтарын дамыту, тұрғындар арасында азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу. Осы кезеңде қаланың барлық аудандарында түрлі шығармашылық және экологиялық шаралар өтеді.
Акция бір ай бойы жалғасады және бір ай ішінде қаламызды көркейтіп, көркейтуге көмектесетін көптеген шаралар өткізіледі. Акция аясындағы іс-шараларды Алматы қаласы әкімдігінің жалпыға қолжетімді парақшаларынан, Наурызбай ауданы әкімдігінің Instagram-дағы аккаунтынан бақылай аласыздар.