Back to top

Құрметті ата аналар және болашақ аналар сіздерде балаңыз үшін

  • Құрметті ата аналар және болашақ аналар сіздерде балаңыз үшін; тамақтануы, ерте жастан дамуы, өсіп –жетілуі туралы сұрақтарыңыз болса: № 26 қалалық емхананың 136 кабинетінен кеңес алуға шақырамыз
    Бала үшін - ана сүтінің маңыздылығы.
    Ана сүті - бала өмірінің алғашқы 6 айында ең қажетті тағам. Аналар емшекті сұраған сайын үнемі және жиі емізген жөн. Баланың жылағанын күтпеніз. Балада аштық белгілері білінсе: қозғалақтап,ернін жыбырлатып ,қолын сору қимылдарын байқасаңыз емізіңіз.
    Емізу - ана мен бала арасында жақындық пен махаббат орнауы үшін өте маңызды.
    Басқа тағам,сұйықтық бермеңіз 6 айға дейін;
    *Ешқандай шырын, су, шай бермеңіз
    *Ешқандай жасанды қоспалар,сүт,ботқалар бермеңіз
    *Еміздіктер және бөтелкелер қолданбаңыз
    Емізу кезінде баланы дұрыс ұстау ережесі (4:3:4) бұл өте маңызды.
    1.Сәбидің басы мен денесі тік, бір жазықта ұстаңыз.
    2.Сәбидің бетін анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек ұшының деңгейінде болу керек.
    3.Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірулі болу керек. (ішпен-іш);
    4.Анасы тек мойны мен иығын ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап отырады.
    1.Сәбидің ернін емшек ұшына тигізіңіз.
    2.Сәбидің аузын барынша ашқанын күтіп .
    3.Тез сәбиді емшекке саламыз.
    1. Сәбидің иегі емшекке тиіп тұруы керек.
    2. Сәбидің аузы барынша ашық болуы керек.
    3. Астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады.
    4. Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстіне көрініп тұру керек.
    Нәрестенi емiзер алдында мейiрiмiн төге отырып, сүйiспеншiлiкпен, баланың көзіне қарап күлімсіреп емізу өте маңызды. Ана мен бала арасындағы қарым қатынас жасауға ең ыңғайлы уақыт, баланы емізіп отырған кезіңіз.
    Ана сүтінің бала үшін маңыздылығы және емізу - әйелдің өзі үшінде маңызды.
    *Ана сүті балаға қажетті барлық сіңімді пайдалы заттарға ие тағам.