Мекен-жайы: Алматы қ., Наурызбай ауданы, ш/а Таусамалы, найзағай көшесі 102
Жұмыс уақыты: 08:00–20:00
Call-центр:
+7 (727) 297-01-53
Директордың Қабылдау Бөлмесі:
+7 (727) 297-00-23
Call-центр:
+7 (727) 297-05-35
17.02.2026

№26 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА ЭПИЛЕПСИЯМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын — №26 қалалық емханада жалпы тәжірибе дәрігерлеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинардың тақырыбы: «Эпилепсия: көмек көрсету мен алғашқы медициналық көмек көрсетудің заманауи тәсілдері»

Семинарды С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің №2 ЖТД кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры Мәденбай Кәмшат Мұратқызы жүргізді.

Іс-шарада эпилепсиямен ауыратын науқастарды диагностикалау мен жүргізудің өзекті мәселелері, эпилепсиялық ұстамалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмдері және төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетуші қызметкерлердің тактикасы қарастырылды.

Жедел медициналық көмектің практикалық аспектілеріне, ықтимал асқынулардың алдын алуға, пациенттерді бағыттауға және алғашқы медициналық-санитарлық көмек жағдайында ары қарайғы бақылауға ерекше назар аударылды.

Мұндай білім беру іс-шараларын өткізу медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, медициналық көмектің сапасын жақсартуға және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Клиника әкімшілігі семинарға қатысушылардың барлығына белсенді қатысқаны және кәсіби білімдерін жетілдіруге қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреді.