Мекен-жайы: Алматы қ., Наурызбай ауданы, ш/а Таусамалы, найзағай көшесі 102
Жұмыс уақыты: 08:00–20:00
Call-центр:
+7 (727) 297-01-53
Директордың Қабылдау Бөлмесі:
+7 (727) 297-00-23
Call-центр:
+7 (727) 297-05-35

Байқау кеңесі

ШЖҚ «№26 Қалалық емхана» КМК Байқау кеңесі Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №4/568 «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарында байқау кеңестерін енгізу мәселелері туралы» қаулысына және Алматы қаласы «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ-нің 2025 жылғы 27 наурыздағы №02.1-26/100нк «Алматы қаласы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесі мүшелерін лауазымға тағайындау туралы» бұйрығы негізінде құрылды.

Байқау кеңесінің төрайымы:

  • Игисинова Кырмызы Казиевна  – Денсаулық сақтау саласының ардагері, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы;

Байқау кеңесінің мүшелері:

  • Тезекбаев Канат  Марденович – профессор, «С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ Біліктілікті арттыру институтының меңгерушісі;
  • Смабаева Гульзада Маратовна – Алматы қ. ШЖҚ «Калалық перинаталдық орталығы» КМК сарапшы дәрігері;
  • Алимбаева Бахыт Хаджимуратовна – Алматы қ. ШЖҚ «Калалық перинаталдық орталығы» КМК сарапшы дәрігері;
  • Токкожаева Гульдана Асановна – Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас есепшісі.

Байқау кеңесінің хатшысы:

  • Каримбекова Гаухар Куанышовна, іс жүргізуші.

Байқау кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Кәсіпорын Жарғысын, Ережені және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

2026 жыл

2025 жыл