Мекен-жайы: Алматы қ., Наурызбай ауданы, ш/а Таусамалы, найзағай көшесі 102
Жұмыс уақыты: 08:00–20:00
Call-центр:
+7 (727) 297-01-53
Директордың Қабылдау Бөлмесі:
+7 (727) 297-00-23
Call-центр:
+7 (727) 297-05-35

Модульдық эндоскопиялық орталық

Поликлиникада модульдік эндоскопиялық орталық жұмыс істейді. Орталық заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген және асқазан-ішек жолдары, тыныс алу жүйесі және басқа да ағзалардың ауруларын диагностикалау мен емдік-диагностикалық эндоскопиялық зерттеулер жүргізуге арналған.

Орталық ауруларды ерте анықтауға, сондай-ақ эндоскопия бақылауымен аз инвазивті емдік шараларды орындауға мүмкіндік береді.

Орталықтың негізгі бағыттары:

* Эзофагогастродуоденоскопия (ФГДС)

* Колоноскопия

* Биопсиялық материал алу және морфологиялық зерттеуге жіберу

* Полипоктомия

* Эндоскопиялық емдік манипуляциялар (дәрігер тағайындауы бойынша)

* Зертханалық зерттеулер (хеликобактер)

Орталықтың мүмкіндіктері:

* Жоғары ажыратымдылықтағы заманауи эндоскопиялық жүйелер

* Қауіпсіз және аз инвазивті диагностикалық әдістер

* Процедураларды пациентке барынша қолайлы жағдайда жүргізу

* Зерттеу барысында биопсия алу мүмкіндігі

* Инфекциялық қауіпсіздік пен стерилизацияның халықаралық стандарттарын сақтау

Зерттеуге көрсетілімдер:

Эндоскопиялық зерттеулер емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі. Негізгі көрсетілімдер:

* асқазан немесе ішек аймағындағы ауырсыну

* қыжыл, жүрек айну, ас қорыту бұзылыстары

* себебі белгісіз анемия

* асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары

* ісіктерге күдік

* жөтел, ентігу (көрсетілім бойынша)

Зерттеуге дайындық:

Процедура алдында пациентке дайындық бойынша толық нұсқаулық беріледі. Қажет болған жағдайда эндоскопист дәрігердің алдын ала кеңесі жүргізіледі.

Ауруды ерте анықтау — тиімді емнің және денсаулықты сақтаудың кепілі.

Біз әр пациентке қолайлы жағдай жасауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және медициналық персоналдың мұқият әрі жеке көзқарасына кепілдік береміз.

Дәрігеріңізден кеңес алыңыз

Қабылдауға жазылу үшін 8 (727) 2973035 номіріне хабарласыңыздар