Жастар орталығы
Жастар орталығы – жастардың дамуына, шығармашылығына, білім алуына және қолдау көрсетуге арналған кеңістік. Біз жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына, әлеуетін ашуына және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік жасаймыз. Орталық бастамашыл жастарды біріктіріп, олардың идеяларын жүзеге асыруға, жобаларға, еріктілер қозғалысына, тренингтер мен мәдени іс-шараларға қатысуына қолдау көрсетеді.
Орталықта келесі кабинеттер жұмыс істейді:
* Гинекология;
* Урология;
* Дерматовенерология;
* Заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек.
Жастар төмендегі мәселелер бойынша қолжетімді әрі білікті кеңес ала алады:
* Репродуктивтік денсаулық;
* Контрацепция;
* Отбасын жоспарлау;
* АИТВ-инфекциясының алдын алу;
* Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу;
* Құқықтық кеңес беру;
* Психикалық денсаулық;
* Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу: алкоголизм, нашақорлық, темекі шегу, туберкулез;
* Оқыту: тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер.
Сондай-ақ жүктілікті психологиялық сүйемелдеу бойынша сабақтар, суицидтік мінез-құлық пен депрессиялық жағдайлардың алдын алу, бейімделу үдерісі бойынша тренингтер мен дәрістер өткізіледі.
Жастар орталығының жетекшісі: Имамбекова Б. Т.


