Пациенттерді қолдау қызметі
Құрметті пациенттер!
Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі сіздердің өтініштеріңізді, ұсыныстарыңызды және шағымдарыңызды жедел қарастыру, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында құрылған.
Сіздер Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне келесі мәселелер бойынша жүгіне аласыздар:
- медициналық көмектің сапасы
- дәрігердің қабылдауына жазылу
- тексерулер мен емдеу мәселелері
- емханаға тіркелу сұрақтары
- емхана жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар
- даулы жағдайлар мен шағымдар
Барлық өтініштер белгіленген мерзімде қарастырылады. Біз әрбір пациентке сапалы, уақытылы және қолайлы медициналық қызмет көрсетуге ұмтыламыз.
Сіздер келесі жолдар арқылы жүгіне аласыздар:
- Пациенттерді қолдаужәне ішкі аудит қызметі №244 кабинетіне жеке келу
- 8 747 804 0492 телефон арқылы
- жазбаша өтініш арқылы
- электрондық пошта арқылы
Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды. Біз сіздің денсаулығыңыз бен жайлылығыңыз үшін жұмыс жасаймыз!